Часто задаваемые вопросы
Барлық қиындықтар уақытша екенін және сіздің өміріңіз бір екенін ұмытпаңыз! Сұрақ қою бөліміне бізге жазыңыз. Біз сізбен байланысамыз және сізге қолдау көрсету үшін қажетті мамандарды табамыз (толық анонимділікке кепілдік беріледі)
Біздің аурухананың базасында балалар бөлімшесі жұмыс істейді, балалар мамандары көп. (Балалық шақта психиатриялық патологиялар неғұрлым ертерек анықталса, соғұрлым қолайлы нәтиже көрсеткіші жоғары болады)
Егер сіз нашақорлықпен ауыратын болсаңыз немесе психиатриялық аурудың белгілерін байқасаңыз, емханаға хабарласудан қорықпаңыз. Анонимді емдеудің нұсқалары бар
Біздің пациенттеріміз диагнозын таратпау туралы заңға бағынады. Осыған байланысты біз олардың болуы және диагнозы туралы деректерді бөгде адамдарға бере алмаймыз
Бұл анықтамалар психиатрия және наркология сілтемелері бойынша мемлекеттік қызметтер EGOV.KZ сайтында беріледі
Науқастар біздің ауруханаға учаскелік дәрігерлердің жолдамасы бойынша немесе жедел жәрдем көлігімен жатқызылады
Біздің клиникада емдеу мүлдем тегін. Сонымен қатар сіздің таңдауыңызда ақылы қызметтер мен палаталардың прейскуранты бар
Есептен шығу үшін сіз учаскелік наркологқа үнемі барып тұруыңыз керек. Бұдан әрі бақылау қорытындысы бойынша алкогольдік немесе есірткілік тәуелділік болмаған жағдайда учаскелік дәрігер сізді есептен шығаруға құқылы
Жедел тестілеуден өтіп, наркологтың қорытындысымен анықтама ала аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Жаңақоныс 4б
Иә, әрине, біз сізге көмектесуге қуаныштымыз. Бізге электрондық пошта арқылы сұрау жіберуге немесе біздің бөлімде сұрақ қойсаңыз болады
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес келесі ұғым қолданылады: «динамикалық бақылау – бұл емдеушінің денсаулық күйін жүйелі бақылау, сондай-ақ осы бақылаудың нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету».
Динамикалық бақылау ауыр, тұрақты, жиі асқынатын ауру белгілері бар созылмалы немесе ұзаққа созылған психикалық және мінез-құлық бұзылуынан (ПМБ) зардап шегетін адамға қатысты белгіленеді (Кодекстің 176-бабы, 2-тармағы).
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – № 203 бұйрық) ПМБ бар адамдарды динамикалық бақылау асқынулардың және созылмалы ПМБ ағымы нашарлауының алдын алу мақсатында жүргізіледі.
Динамикалық бақылау мыналарды қамтиды: емдік-диагностикалық іс-шаралар, денсаулық сақтау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру, оңалтудың дербес бағдарламасын әзірлеумен оңалту әлеуетін анықтау, қоғамдық қауіпті әрекеттердің алдын алу
ПМБ бар адамдарды динамикалық бақылау, сондай-ақ ПМБ бар адамдарға динамикалық бақылауды тоқтау тәртібі № 203 бұйрықтың нормаларымен айқындалған.
№ 203 бұйрықтың 6-тармағына сәйкес психиатриялық бейіндегі дәрігер келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
- Емделушіге динамикалық бақылауды жүзеге асыру қажеттілігі, тексерулердің, зертханалық және жабдықтық зерттеудің тізбесі, көлемдері, өткізу мерзімділігі және бақылау мерзімдері туралы хабарлайды;
- ПМБ бар адам динамикалық бақылауға алу туралы жазбаша келісім берген жағдайда оған динамикалық бақылау белгіленеді;
- ПМБ бар адам немесе оның заңды өкілі ерікті түрде динамикалық бақылаудан бас тартқан жағдайда адам оның немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз динамикалық бақылауға қою мәселесін шешу үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі-ДКК) отырысын жіберіледі.
№ 203 бұйрыққа сәйкес есептен алу және динамикалық бақылаудың басқа тобына ауыстыру азаматтың тұрғылықты жері бойынша учаскелік психиатр дәрігерінің ұсынымы бойынша ДКК шешімі негізінде жүзеге асырылады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы»2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығының 4-тармағына сәйкес (бұдан әрі – ДКК) медициналық ұйым басшысының бұйрығымен құрылады.
ДКК құрамы, мүшелерінің саны (кемінде үш дәрігер), жұмыс тәртібі мен кестесі медициналық ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.
ДКК құрамында төраға, комиссия мүшелері және хатшы кіреді.
ДКК аптасына кемінде 1 рет медициналық ұйым басшысы бекітетін жоспар-кестелердің негізінде отырыстарды өткізеді.
ДКК жоспардан тыс отырыстары ДКК төрағасының шешімімен өткізіледі (№321 бұйрықтың 10-тармағы).
№ 321 бұйрықтың 11-тармағына сәйкес ДКК емделушіні медициналық тексеруден өткізгеннен, оның медициналық құжаттарын зерттегеннен кейін, клиникалық-диагностикалық тексерулердің нәтижелеріне, өткізілген емдеудің және медициналық оңалтудың нәтижелеріне қарай, еңбек, кәсіп жағдайлары мен сипатын бағалағаннан кейін шешім қабылдайды. ДКК мүшелерінің көпшілігі қолданған жағдайда ДКК шешімі қабылданған болып саналады.
ДКК шешімі ДКК отырысының хаттамасымен рәсімделеді, хаттама медициналық ұйымның атауын, отырысты өткізу күнін, қатысқан ДКК мүшелерінің тізімін, талқыланатын сұрақтардың тізімін, шешім мен оның негіздеуін қамтиды (№ 321 бұйрықтың 12-тармағы).
ДКК шешімі бастапқы медициналық құжаттамаға енгізіледі, ДКК төрағасы мен мүшелері қол қояды (№321 бұйрықтың 13-тармағы)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттаманың нысандарын бекіту туралы» 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес бұрын қолданыста болған 086/е нысаны 075/е нысанына өзгертілді.
№ 075/е нысанына сәйкес қандай да бір кәсіптік қызметте жағымсыз салдардың алдын алу үшін, тексерілушіде жұмыстарды орындауға қарсы көрсетілімдердің болуын немесе болмауын анықтау үшін қажетті нарколог пен психиатрдың қорытындылары көзделеді.
075/е нысанын алу Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің талаптары болып табылады
Психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурудары) бар адамдарды қоспағанда, жиырма бір жасқа толған, әрекетке қабілетті, жыныстық сәйкестендіру бұзылулары бар адамдардың жынысын ауыстыруға құқығы бар-Кодекстің 156-бабы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығымен жынысты ауыстыру тәртібі, жынысын ауыстыруды қалайтын адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссия отырыстары, медициналық тексерулердің тізімі және т.б. мәселелер реттелінген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – № 49 бұйрық) «Психиатрия психикалық денсаулық орталығының мәліметтерін ұсыну» және «Наркология психикалық денсаулық орталығының мәліметтерін ұсыну» мемлекеттік қызметтерін көрсету қағидалары бекітілді.
№ 49 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі-қызмет беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі-қызметі алушы) www.egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (бұдан әрі-портал) арқылы көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін қызметті алушы портал арқылы электронды сұраныс жолдайды, онда «жеке кабинетте» қызметті алушыға хабарлама – мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген сұраныстың қабылданғаны туралы есеп жіберіледі, бұл жағдайда қызмет беруші «электронды үкімет» шлюзы арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді алады (№ 49 бұйрықтың 3-тармағы).
Сондай-ақ, есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы алу үшін eGOV mobile ұялы қосымшасын, «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ (ХҚКО), www.egov.kz, Telegram Бот EgovKzBot2, VK – eGov.kz парақшаларын пайдалануға болады
Қазақстанда психикалық белсенді заттарға (ПБЗ) тәуелділігі бар науқастарға 14 облыс орталығында және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында қызмет ететiн Психикалык денсаулық орталықтарында стационарлық деңгейде медициналық-әлеуметтік көмек көрсетіледі . Шымкент психикалық денсаулық ғылыми – практикалық Республикалық орталығының филиалы (Павлодар қ.) жиырма жыл бойы ПБЗ-ға тәуелдiлiгi бар адамдарға медициналық – әлеуметтік оңалтудың кешендік бағдарламасын көрсетіп келеді.
Медициналық – әлеуметтік оңалту медициналық және әлеуметтік іс шаралардың кешендік, өзара байланысты жүйесiн қамтиды, үш кезеңнен тұрады және физикалық тәуелдiлiктен арылуға , психикалық тәуелділікке бақылау орнатуға , биологиялық және әлеуметтік дағдыларды қалпына келтіруге , нашақорлыққа қайта ден қоюға төзімділікті қамтамасыз ететiн тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған
Ресми статистикалық деректерге сәйкес, соңғы бес жыл iшiнде есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық және мінез-құлық бұзылуларына байланысты динамикалық бақылауда тұрған кәмелетке толмағандар санының 2016 жылғы 159-дан (100 мың халыққа шаққанда 2,8) 2020 жылы 80 адамға (100 мың халыққа шаққанда 1,2) дейін төмендеуі байқалады.
ҚР-да 2017-2018 жылдары жүргізілген Қазақстан Республикасының жастары арасында есiрткi пайдалану бойынша ұлттық зерттеудің мақсаты ПБЗ пайдаланудың клиникалық, әлеуметтік-эпидемиологиялық предикторларын және 13-18 жас тобында ПБЗ тұтынудың таралуын анықтау болды, зерттеу сауалнамадан өткендердің 1,6%-да ПБЗ-ға тәуелділік (алкоголь мен темекіден басқа) анықталғанын көрсетті
Ресми наркологиялық есепте тұратын, есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланудан туындаған психикалық, мінез-құлық бұзылулары бар адамдар арасында негізгі жас 40-45 жасқа тура келеді. Бұл топты негізінен апиындарға тәуелді адамдар құрайды. Синтетикалық есірткілерге («спайстар», «тұздар») тәуелді адамдар арасында негiзгi жас 30-35 жасқа; ұшқыш ерітінділерге тәуелді адамдар арасында негiзгi жас 20-25 жасқа тура келеді
Нашақорлық – айқын білінетін медициналық-әлеуметтік салдарымен сипатталатын созылмалы ауру. Қазіргі заманғы наркологияда емдеу табыстылығының ең жиi көрсеткiшi берiк ремиссия, ПБЗ тұтынудан тежелу болып табылады. Ресми статистикалық деректерге сәйкес, 2020 жылы Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімдік ремиссияға байланысты емделушілердің 14,8%-ы наркологиялық есептен алынды. Медициналық – әлеуметтік оңалтудын толық курсынан өткен пациенттер арасында бұл көрсеткіш 28%-ға дейін артады
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында денсаулықпен байланысты аурулар мен мәселелердің оныншы қайта қаралымдағы Халықаралық статистикалық жіктеуіші қолданылуда (АХЖ-10). Лудомания (ойын құмарлық, ойынға тәуелділік, гэмблинг тәуелділік) – құмар ойындарына патологиялық құштарлық психикалық, мінез-құлық бұзылулары, дағдылар мен әуестік бұзылулары айдарында (F 63.0 шифрі) жіктелінеді.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (31.03.2021-ғы өзгерістермен және толықтырулармен) 20-бөлiмi 1-параграфымен психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары) бар адамдарға психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсету мәселелері реттелінеді. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген стационарлық көмек көрсетуді ұйымдастыру қағидаларында құмар ойындарына патологиялық құштарлық тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емдеуге жатады
Қандағы алкоголь концентрациясын промилледе бағалау-шамамен алынған көрсеткіш. Қандағы алкогольдің сандық құрамының стандартты қатынасы және куәландырылушы адамның клиникалық күйiн бағалау тек бағдарлы сипатқа ие, әр түрлі көздерде промилле мен мас болу дәрежесінің катынасы әр түрлі (мысалы, Ресейде 2013 жылдан бастап мас болу күйі дем шығаратын ауаның литрiне спирттің 0,16 миллиграммынан бастап анықталады (қандағы 0,3 промилле), АҚШ нормативтік қалыптарында алкогольдiң әрекет ету әсерлерi 0.2-0.29 ‰ басталады (FlightPhysical.com сайты). Сондай-ақ, ересектердің мас болу дәрежесін бағалауда қолданылатын қандағы алкоголь құрамының сандары балалар мен жасөспірімдерге қатысты қолданылмайды. Сондықтан, медициналық қызметкерлердің қорытындысының негізі психикалық және соматоневрологиялық күйдi кешенді бағалау түрiндегi клиникалық тексеру деректері болып қала бередi.
Дәрігер (медициналык кызметкер) өз тәжірибесінде маскүнемдік сараптамасы мәселелері жөнiндегi әдiстемелік ұсынымдарды пайдалана алады (Н.Б. Ережепов, А.А. Құсайынов, М.В. Прилуцкая-Сущенко, 2011), онда дем шығаратын ауада және қанда алкоголь буларының құрамы сәйкес келедi және қан мен ауа тығыздығының қатынасын ескере отырып, қан бойынша промилледе (‰) жуықтап айқындалған деп көрсетілген
Жоғарыда көрсетіліп өткендей, қорытындыда тірі адамдардың мас болу дәрежесін белгілеу үшiн алкоголь/психикалық белсенді заттың мөлшері (құрамы) емес, мас болудың клиникалық симптомдарының айқындылығы айқындаушы болып табылады. Сондықтан, медициналық қызметкер психикалық және соматоневрологиялық күйді кешенді бағалау түріндегі клиникалық тексерудің деректерін басшылыққа алады
0,5 ‰ мөлшерiнде ағзада кездесетiн алкоголь орталық жүйке жүйесіне барынша аз әсер етеді. Бұл жағдайда жоғары ықтималдылықпен субклиникалық фаза (симптомдар пайда болғанға дейiнгi кезең) анықталады және «алкогольді тұтыну фактісі, алкогольді мас болу белгілері анықталмады» деген қорытынды шығарылады. Алайда, алкогольдiң шектi жол берілетін мөлшерi әр түрлi және адам ағзасының жеке ерекшеліктеріне тiкелей байланысты болады
Не забывайте что все проблемы лишь временны а жизнь у Вас одна! Напишите нам в раздел Задать вопрос. Мы свяжемся с вами и найдем необходимых специалистов чтобы вас поддержать (полная анонимность гарантируется)
На базе нашего стационара имеется детское отделение, с большим штатом детских специалистов. (Чем раньше в детском возрасте выявляются психиатрические патологии – тем выше показатель благоприятного исхода)
Если вы страдаете наркоманией либо заметили симптомы психиатрических заболеваний не бойтесь обратиться в клинику. Имеются варианты анонимного лечения. Без постановки на учет.
Наши пациенты подлежат закону о не распространении их диагноза. В связи с этим мы не можем предоставлять данных об их пребывании и диагнозе посторонним лицам.
Данные справки выдаются на сайте гос услуг EGOV.KZ по ссылкам психиатрия и наркология
В наш стационар поступают пациенты по направлению от участковых врачей, либо в экстренном порядке на скорой помощи.
Лечение в нашей клинике абсолютно бесплатное. Но так же к вашему выбору имеется прейскурант платных услуг и палат
Для того чтобы сняться с учета вы должны регулярно посещать участкового нарколога. Далее по итогу наблюдения в случае отсутствия алкогольной либо наркотической зависимости участковый врач вправе снять вас с учета.
У нас в стационаре по адресу п.Жанаконыс 4б. Вы можете пройти экспресс тестирование и получить справку с заключением нарколога.
Да конечно, мы с радостью Вам поможем. Отправьте нам запрос по электронной почте либо в нашем разделе задать вопрос.
В соответствии с Кодексом Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» от 7 июля 2020 года (далее – Кодекс) применяется понятие: «динамическое наблюдение» – это систематическое наблюдение за состоянием здоровья пациента, а также оказание необходимой медицинской помощи по результатам данного наблюдения. Динамическое наблюдение может устанавливаться за лицом, страдающим хроническим или затяжным психическим и поведенческим расстройством (ППР) с тяжелыми, стойкими, часто обостряющимися болезненными проявлениями (пункт 2, статья 176 Кодекса). Согласно пункту 3 Приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья» (далее — Приказ №203) динамическое наблюдение лиц с ППР осуществляется в целях предупреждения обострений и ухудшения течения хронического ППР.
Динамическое наблюдение включает в себя: лечебно-диагностические мероприятия, организацию оказания специальных социальных услуг в области здравоохранения, определение pеабилитационного потенциала с разработкой индивидуальной программы pеабилитации, профилактику общественно-опасных деяний
Порядок динамического наблюдения за лицами с ППР, а также прекращения динамического наблюдения за лицами с ППР определен нормами Приказа №203.
В соответствии с пунктом 6 Приказа №203 врач психиатрического профиля осуществляет следующие мероприятия:
1) информирует пациента о необходимости осуществления за ним динамического наблюдения, перечне, объемах, периодичности проведения осмотров, лабораторных и инструментальных исследований, сроках наблюдения;
2) в случае письменного согласия лица с ППР о взятии на динамическое наблюдение, за ним устанавливается динамическое наблюдение;
3) в случае отказа лица с ППР или его законного представителя от добровольного взятия на динамическое наблюдение, лицо направляется на заседание врачебно-консультационной комиссии (далее – ВКК), для решения вопроса установления динамического наблюдения без его согласия или его законного представителя.
Согласно Приказу №203 снятие с учета и перевод в другую группу динамического наблюдения осуществляется на основании решения ВКК по представлению участкового врача-психиатра, которое гражданин должен пройти по месту жительства
В соответствии с пунктом 4 приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 5 мая 2015 года №321 «Об утверждении Положения о деятельности врачебно-консультативной комиссии» (далее – Приказ №321) врачебно-консультативная комиссия (далее – ВКК) создается приказом руководителя медицинской организации.
Состав, количество членов (не менее трех врачей), порядок работы и график работы ВКK утверждаются приказом руководителя медицинской организации.
В состав ВКК входят председатель, члены комиссии и секретарь.
ВКК проводит заседания основании планов-графиков, утверждаемых руководителем медицинской организации не реже 1 раза в неделю.
Внеплановые заседания ВКК проводятся по решению председателя ВКК. (пункт 10, Приказа №321).
Согласно пункту 11 Приказа №321 ВКК принимает решение после медицинского осмотра пациента, изучения его медицинских документов, результатов клинико-диагностических обследований, результатов проведенного лечения и медицинской pеабилитации, оценки условий и характера труда, профессии. Решение ВКК считается принятым, если его поддержало большинство членов ВКК.
Решение ВКК оформляется протоколом заседания ВКК, который содержит наименование медицинской организации, дату проведения заседания, список присутствующих членов ВКК, перечень обсуждаемых вопросов, решение и его обоснование (пункт 12, Приказ №321).
Решение ВКК вносится в первичную медицинскую документацию, подписывается председателем и членами ВКК (пункт 13, Приказ №321)
В соответствии с Приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 «Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения» раннее действовавшая форма 086/y изменена на форму 075/у.
Согласно форме №075/y предусматриваются, в том числе, заключения нарколога и психиатра, которые необходимы для установления наличия или отсутствия у обследуемого противопоказаний для выполнения работ, для того чтобы предупредить негативные последствия в той или иной профессиональной деятельности.
Получение формы 075/у является требованиями Трудового кодекса Республики Казахстан, Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения»
Право на смену пола имеют лица с расстройствами половой идентификации, достигшие двадцати одного года, дееспособные, кроме лиц с психическими, поведенческими расстройствами (заболеваниями) статья 156 Кодекса.
Приказом Министра, здравоохранения Республики Казахстан «О некоторых вопросах оказания медико-социальной помощи в области психического здоровья» от 25 ноября 2020 года № ҚР ДСМ-203/2020 pегламентирован порядок смены пола, заседаний Комиссии по медицинскому освидетельствованию лиц, желающих провести смену пола, перечень медицинских обследований и другое
Cогласно Приказа Министра здравоохранения Республики Казахстан от 18 мая 2020 года № ҚР ДСМ-49/2020 «О некоторых вопросах оказания государственных услуг в области здравоохранения» (далее – Приказ No49) утверждены правила оказания государственных услуг «Предоставление сведений с Центра психического здоровья «Психиатрия»» и «Предоставление сведений с Центра психического здоровья «Наркология».
В соответствии Приказом №49 государственная услуга оказывается oрганизациями здравоохранения (далее – услугодатель) через веб-портал «электронного правительства» www.egov.kz (далее – портал) физическим лицам (далее – услугополучатель).
Для получения государственной услуги услугополучатель через портал подает электронный запрос, где в «личный кабинет» услугополучателю физическим направляется уведомление – отчет о принятии запроса с указанием даты и времени получения результата государственной услуги, при этом сведения о документах, удостоверяющих личность, услугодатель получает из соответствующих государственных информационных систем через шлюз “электронного правительства” (пункт 3, Приказ №49).
Также, для получения получения справки о состоянии/несостоянии на учете, можно воспользоваться: мобильным приложением еGOV mobile, HАО «правительство для граждан» (ЦОН), на сайте www.egov.kz, Telegram Бот EgovKzBot2, VK – еGov.kz
В Казахстане пациентам с зависимостью от психоактивных веществ медико-социальная помощь на стационарном уровне оказывается в Центрах психического здоровья, которые функционируют в 14 областных центрах и гг. Нур-Султан, Алматы и Шымкент.
Филиал Республиканского научно-практического центра психического здоровья (г. Павлодар) на протяжении двадцати лет оказывает комплексную Программу медико-социальной реабилитации лиц с зависимостью от ПАВ.
Медико-социальная реабилитация представляет собой комплексную, взаимосвязанную систему медицинских и социальных мероприятий, включает три этапа и направлена на избавление от физической зависимости и установление контроля над психической зависимостью, восстановление биологических и социальных навыков и развитие личностных свойств, обеспечивающих устойчивость к повторному вовлечению в наркотизацию
Согласно официальным статистическим данным за последние пять лет отмечается снижение числа несовершеннолетних лиц, находящихся на динамическом наблюдении по поводу психических поведенческих расстройств вследствие употребления наркотических средств и психотропных веществ, со 159 (2,8 на 100 тыс. населения) в 2016 году до 80 (1,2 на 100 тыс. населения) в 2020 году.
Национальное исследование по потреблению наркотиков среди молодежи Республики Казахстан (ESPAD), проведенное в РК в 2017-2018 году, целью которого было определение клинических, социально-эпидемиологических предикторов потребления ПАВ и распространенность употребления ПАВ в возрастной группe 13-18 лет показало, что зависимость от ПАВ (кроме алкоголя и табака) выявлена у 1,6% опрошенных
Среди лиц психическими поведенческими расстройствами, вызванными употреблением наркотических средств и психотропных веществ, состоящих на официальном наркологическом учете, основной возраст приходится на 40-45 лет. Эта группа в основном представлена лицами, зависимыми от опиоидов.
Среди лиц, зависимых от синтетических наркотиков («спайсы», «соли»), основной возраст приходится на 30-35 лет; от летучих растворителей – 20-25 лет
Наркомания – хроническое заболевание, характеризующееся выраженными медико-социальными последствиями. В современной наркологии, наиболее часто показателем успешности лечения является стойкая ремиссия, воздержание от употребления ПАВ. Согласно официальным статистическим данным, в 2020 году в Республике Казахстан в связи длительной ремиссией снято с наркологического учета 14,8% пациентов. Среди пациентов, прошедших полный курс медико-социальной реабилитации данный показатель возрастает до 28%
В настоящее время в Республике Казахстан действует десятый пересмотр Международной статистической классификации болезней и проблем, связанных со здоровьем (МКБ-10). Лудомания (игромания, игровая зависимость, гэмблинг-зависимость) – патологическое влечение к азартным классифицируется в рубрике психические поведенческие расстройства, расстройства привычек и влечений (шифр F 63.0).
Параграф 1 главы 20 Кодекса Республики Казахстан «О здоровье народа и системе здравоохранения» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 31.03.2021 г.) регламентирует оказание медицинской помощи в области психического здоровья лицам с психическими, поведенческие расстройствами (заболеваниями). В правилах оказания стационарной помощи, утвержденных приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 29 сентября 2015 года № 761, патологическое влечение к азартным играм подлежит лечению в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи
Оценка концентрации алкоголя в крови в промилле – приблизительный показатель. Стандартизированное соотношение количественного содержания алкоголя в крови и оценки клинического состояния освидетельствуемого лица носит только ориентировочный характер, в разных источниках соотношение промилле и степени опьянения разнятся (например, в России с 2013 года состояние опьянения определяется, начиная с 0,16 миллиграмма спирта на литр выдыхаемого воздуха (0,3 промилле в крови), в нормативных нормах США эффекты действия алкоголя начинаются с 0.2-0.29 ‰ (сайт FlightPhysical.com). Также цифры содержания алкоголя в крови, используемые при оценке степени опьянения у взрослых, не применимы к детям и подросткам. Поэтому основой заключения медицинского работника были и остаются данные клинического обследования в виде комплексной оценки психического и соматоневрологического состояния.
Врач (медицинский работник) может в своей практике использовать методические рекомендации по вопросам экспертизы опьянений (Н.Б. Ережепов, А.А. Кусаинов, М.В. Прилуцкая-Сущенко, 2011), где указано, что содержание паров алкоголя в выдыхаемом воздухе и в крови cоотносимо, и с учетом отношения плотностей крови и воздуха ориентировочно выражено в промиллях (‰) по крови
Для выставления в заключении степени опьянения у живых лиц, определяющим является не концентрация (содержание) алкоголя/психоактивного вещества, а выраженность клинических симптомов опьянения. Поэтому медицинский работник руководствуется данными клинического обследования в виде комплексной оценки психического и соматоневрологического состояния
Алкоголь, присутствующий в организме в концентрации до 0,5‰, оказывает минимальные действие на центральную нервную систему. С высокой вероятностью в данном случае будет определяться субклиническая фаза (период до появления симптомов), и вынесено заключение «факт употребления алкоголя, признаки алкогольного опьянения не выявлены». Однако, предельно переносимая концентрация алкоголя вариабельна, и напрямую зависит от индивидуальных особенностей организма человека
Расскажем все все подробно о наших услугах
ОСТАЛИСЬ ВОПРОСЫ?
Задайте нам свой вопрос и мы непременно ответим Вам на whatsApp либо на электронную почту