ПСИХИАТР ДӘРІГЕРДІҢ ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУЫН ТОҚТАТУ АЛГОРИТМІ
(Психиатр дәрігердің есебінен қалай шығуға болады?)
1
Пациент тіркелген жері бойынша емхананың учаскелік психиатр дәрігеріне жүгінеді
2
Қарап-тексеруден, қажетті тексерулерден өтеді және мамандардың консультацияларын алады (психиатр дәрігері тағайындайды)
3
Тексеру нәтижелері бойынша психиатр дәрігері дәрігерлік-консультациялық комиссия (ДКК) отырысының кестесіне сәйкес ДКК күнін тағайындайды
4
Пациент ДКК отырысына қатысып, онда ДКК шешімін біледі: 1) динамикалық бақылауды тоқтату; 2) басқа топқа ауыстыру; 3) динамикалық бақылауды жалғастыру.
5
Егер ДКК шешім қабылдаса: 1) динамикалық бақылауды тоқтату туралы – психиатр дәрігері есептен шығару үшін пациенттің деректерін Ақпараттық жүйеге өткізеді; 2) басқа топқа ауыстыру немесе динамикалық бақылауды жалғастыру туралы – пациент психиатр дәрігерінің бақылауында болуын жалғастырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 25.11.2020-ғы № ҚР ДСМ-203/2020
«Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығы