"АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ "ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ" МЕМЛЕКЕТТІ КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

/
Анықтаманы онлайн алу

Психиатр немесе нарколог дәрігерінің есебінде тіркелмегені туралы анықтамалар ТЕГІН беріледі! ҚР электрондық үкімет сайтында

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 6-қосымша

«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1.Жалпы ережелер
Сілтеме 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Ескерту 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжатты Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап және порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) минут; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түріндегі нысанда диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама. ХҚКО-да-диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы анықтама беру; денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы психиатр дәрігердің анықтама беруі, тиісті анықталаған жағдайлар кезінде қосымша медициналық тексеру жүргізіледі. Психиатр-дәрігердің және анықтаманы берген медициналық тіркеушінің қолы қойылған және дәрігер мен көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, стандарттың 2-қосымшасына сәйкес “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметін тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып, “Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтама беріледі. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтің құнын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес қызмет беруші белгілейді және қызмет берушінің интернет-ресурсында немесе қызмет берушінің орын-жайларында орналастырылады. Ақы төлеу қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз әдісімен қызмет берушінің шотына аудару арқылы жүргізіледі. Төлем қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің шотына жүргізіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) Халыққа қызмет көрсету орталығы – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз. ; 2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша және кезек тәртібімен қабылданады, алдын ала тіркеу және жеделдетілген қызмет көрсетілмейді. 9. Көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: Көрсетілетін қызметті берушіге және Халыққа қызмет көрсету орталығына: – жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; – заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін); – қорғаншылықты растайтын құжат (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар үшін). Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша келісімін алады. 9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. Ескерту Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 № 464 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі. Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағым жасалады. Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады. Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағым қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді. 4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. Ескерту 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің мәртебесі жөніндегі ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы, сонымен қатар порталдағы “жеке кабинет” арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75-34-06, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМНАН АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына 7-қосымша.

«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
Ескерту 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); 2) www.egov.kz “электрондық үкімет” веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО); 2) қызмет берушінің 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі Ескерту 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжатты Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап және порталға жүгінген кезде – 30 (отыз) минут; 2) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ХҚО-да – диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы анықтаманы беру; денсаулық сақтау ұйымдарында – диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы нарколог дәрігердің анықтама беруі. “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша психиатр-дәрігер мен медициналық тіркеуші қол қойған және анықтаманы берген дәрігердің және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталған, Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес “Наркологиялық ұйымнан анықтама беру” мемлекеттік қызмет көрсетуді тіркеу журналында анықтаманы тіркей отырып беріледі. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі; «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 35-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету құнын көрсетілетін қызметті алушы айқындайды және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында не қызмет берушінің үй-жайларында орналастырылады Төлем қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз нысанда көрсетілетін қызметті берушінің шотына жүргізіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) Халыққа қызмет көрсету орталығы – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін түскі үзіліссіз; 2) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9-00-ден 17-00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша және кезек тәртібімен қабылданады, алдын ала тіркеу және жеделдетілген қызмет көрсетілмейді. 9. Көрсетілетін қызметті алушыға (немесе сенімхат бойынша оның өкіліне) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар: Көрсетілетін қызметті берушіге және Халыққа қызмет көрсету орталығына: -жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат; – заңды өкілдің өкілеттігін растайтын құжат (кәмелетке толмағандар үшін); – қорғаншылықты растайтын құжат (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар үшін). Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді. 9-1. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады. Ескерту Стандарт 9-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Ескерту 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, мекенжайы бойынша көрсетілетін қызметті беруші немесе Министрлік басшысының атына шағым беру арқылы шағым жасалады. Шағымның қабылдануын растау оның шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады. Көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағым қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді. 4) мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді. Ескерту 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.06.2017 №464 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер” бөлімінде немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. 14. Көрсетілген қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметінің байланыс телефондары Министрліктің www.dsm.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген, Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.