2020-шы жылдан бастап МӘМС пакетіне диагностика, емдеу, сонымен қатар медициналық оңалту және паллиативті көмек кезеңдері енеді және медициналық сақтандыру қорының есебінен қамтылады.
Міндетті оңалту инсульттан, инфарктан, неврологиялық аурулардан және басқа диагноздардан кейін денсаулық пен еңбек қабілетін қалпына келтіру кезінде қажет. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ұсынылған оңалтудың арқасында емделуші денсаулығын қалпына аз шығындармен , тез арада келтіре алады. Ақтөбе облысында бүгінгі таңда «Дару», «Аяла» медициналық ұйымдары реабилитациялық қызмет көрсетіп жатыр. Ал балаларды оңалтумен «Ақбөбек» сауықтыру орталығы айналысады.