Медициналық сақтандыру қоры кез келген сайтта сақтандыру мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін плагин жасап шығарды
Қазақстандықтар үшін МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін білуге мүмкіндік беретін құрал жасалды
Бұл құралды еліміздің кез келген тұрғыны пайдалана алады. Арнайы ресурсқа кіріп, әр тұрғын өзінің ЖСН нөмірін енгізсе болды, сақтандыру мәртебесін біле алады. Бүгінгідей барлық адам гаджет қолданатын заманда, бұл ыңғайлы әрі уақытты үнемдейді. Егер «сақтандырылған» деген жауап келсе, онда алаңдамауға болады. Ал, егер жауап «сақтандырылмаған» болса, онда себебін анықтау керек. Жүйе арқылы жұмысшы өзі жұмыс істейтін ұйым ол үшін медсақтандыруға төлем жасап отырғанын немесе төлемнің жасалмай жатқанын анықтай алады. 2020 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда МӘМС жүйесі жұмысын бастайды. Осы уақытқа дейін барлық тұрғын МӘМС жүйесі аясында сақтандыру мәртебесін анықтап алуы керек,-деп мәлімдейді «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ АОФ директоры Гүлмира Қожаниязова. Егер сақтандырылмаған болса, онда бұл адамға тек тегін кепілдендірілген пакеттегі учаскелік дәрігердің көмегі, жедел, шұғыл стационарлық, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмек түрлері ғана қолжетімді болады. Ал, МӘМС пакеті бойынша берілетін медициналық көмек түрлері тек сақтандырылған азаматтарға ғана қолжетімді. Осылайша, егер әр адам МӘМС жүйесінде өзінің сақтандыру мәртебесін анық білсе, 2020 жылдан бастап барлық қажетті медициналық қызметтер түрін ала алады. Плагин әмбебап форматта жасалған. Ол кез келген сайтқа тіркеуге ыңғайлы. Өз ресурстарында плагинді орнатқысы келетін сайт иегерлері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ-на өтініш жаза алады.
Сақтандырылған немесе сақтандырылмағандығын азаматтар сондай-ақ:
-Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан электрондық сандық қолтаңба арқылы;
-Egov сайтындағы жеке кабинетте электрондық сандық қолтаңба арқылы;
– fms.kz сайтында Saqtandyry пагиніне ЖСН нөмерін енгізу арқылы;
– Телеграмм-ботта SaqtandyryBot арқылы анықтай алады.
Медициналық мекемелердің қызметін бағалауға мүмкіндік туды
Ақтөбе өңіріндегі барлық медициналық мекемелерде арнайы QR кодтар орналастырылды. Оны сканерлеу арқылы сауалнамаға өтуге болады. Сауалнама сұрақтарына жауап беру арқылы медициналық ұйым туралы пікір қалдыра аласыз деп хабарлайды, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Ке АҚ АОФ директоры Гүлмира Қожаниязова. Сондай-ақ, қазіргі таңда елде емдеуші дәрігердің қызметіне баға беру арқылы дәрігерлердің рейтингін қалыптастыру мәселесі қаралып жатыр. Мұндағы мақсат медициналық мекемелер үшін жаңа сапа стандараттарын енгізу. Тұрғындардың сұраныстары мен талапатарын негізге ала отырып, жайлылық деңгейін арттыру. Мемлекеттік медициналық мекемелердің қызмет көрсету сапасын жекеменшік клиникалардың деңгейіне жеткізу.