Директорі бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Облыстық психикалық денсаулық орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорі бос лауазымына орналасуға конкурс туралы хабарландыру»
Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің ШЖҚ “Облыстық психикалық денсаулық орталығы” МКК бақылау кеңесі Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директорі бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (1 бірлік).
Кәсіпорынның атауы: Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы ММ-нің «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Орналасқан жері: 030017, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы , 4Б ғимараты, тел. 87132534201, (ocpz_aktobe@mail.ru)
КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТЫ:
Медициналық қызмет
КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЛАУАЗЫМДЫҚ МІНДЕТТЕРІ:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды. Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды. Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды. Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды. Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды. Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді. Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді. Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
“Денсаулық сақтау” дайындық бағыты бойынша жоғары білім және “Қоғамдық денсаулық сақтау”, “Денсаулық сақтау менеджменті” мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе “Денсаулық сақтау” дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) “Бизнес, басқару және құқық”; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру “Денсаулық сақтау” және (немесе) “Бизнес және құқық” дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін – кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.
Білуі қажет:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының Президентінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы “Қазақстан-2050″ Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты” атты Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексі, 2015 жылғы 18 қарашадағы “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы”, 1997 жылғы 11 шілдедегі “Қазақстан Республикасындағы тіл туралы”, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 982 “Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы” қаулысы;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалар;
төтенше жағдайлар кезіндегі қызметті ұйымдастыру;
статистика критерийлері мен көрсеткіштері;
мейірбике ісі саласындағы шетелдік және отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
халықты санитарлық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыру.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекен-жай бойынша қабылданады: 030017, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс ауылы , 4Б ғимараты, тел. 87132534201,немесе электрондық мекен-жайға ocpz_aktobe@mail.ru
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу жөніндегі өтінім;
2) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмелерін;
4) еңбек кітапшасының (егер бар болса) немесе еңбек шартының көшірмесі, қабылдау және еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықтан үзінді көшірме не еңбек өтілін растайтын басқа құжат;
5) “Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 086/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғанға күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады. Оларды ұсынбаған жағдайда ол адам әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).
Конкурсты өткізу күні: Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң аяқталады.
Конкурсты өткізу орны: 030017, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы,Жаңақоныс ауылы, 4Б, тел. 87132534201, (ocpz_aktobe@mail.ru)