«АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ «ОБЛЫСТЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ КӘСІПОРНЫ

/
Психиатриялық бөлімшедесінің күндізгі стационары.

АОПДО-ның күндізгі стационарында психикалық бұзылыстарды емдеу.

Емдеу қалай жүреді?

Біз медициналық қызмет көрсетіп, сондай-ақ күндізгі стационар базасында зерттеп қараймыз Біздің көмекке жүгінген кезде сізді тек психиатр дәрігері ғана емес, сонымен қатар төмендегідей бейінді мамандар да қарап тексереді

  • Кардиолог
  • Психолог
  • Невропатолог
  • Дерматолог
  • Терапевт дәрігері
  • Хирург
  • және басқалары

Бейінді мамандардың тексеруі де науқасты емдеуге кешенді түрде қарауға мүмкіндік береді. Біздің жұмысымыз «Біз ауруды емес, науқасты емдейміз!» қағидасына негізделген. Сондай-ақ диагностиканың келесі түрлері бар:

  • Зертханалық қызметтер
  • Аспаптық функционалды қызметтер
    • Электрокардиограмма
    • Электроэнцефалография (ЭЭГ)
    • Рентгенография

Қандай диагноздарды емдейміз?

Күндізгі стационарда жеңіл және орташа дәрежелі ауыратын науқастар емделеді. Диагноздар тек психиатриялық емес, сонымен қатар наркологиялық тәжірибеден де бар. Диагноздар тізімінде келесідей аурулар бар:

  • Шизофрения
  • Ақыл-ойының тежелуі
  • Жеңіл және орта дәрежелі невроздар
  • Суицидтік бейімділіксіз жеңіл және орташа депрессия
  • Мидың ауруына, зақымдалуына немесе дисфункциясына байланысты тұлға мен мінез-құлықтың бұзылуы.

Сондай-ақ депрессия, босанғаннан кейінгі ауыр бұзылулар, суицидке бейімділік сияқты аурулар
Суицидке бейімділігі бар ауыр депрессия, сондай-ақ босанғаннан кейінгі ауыр бұзылулар медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауымен тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда емделеді.

Бізге емделуге қалай түсуге болады?

   Біздің стационарда емделу үшін сіз тіркелген жеріңіздегі емханаға баруыңыз керек, содан кейін нарколог немесе психиатр бейінді маманы сізге бізге емделуге жолдама береді. Немесе біздің ауруханаға тікелей жүгіне аласыз.

Сізге зор денсаулық, жақсы көңіл-күй тілейміз. Ақтөбе ОПДО