Бас дәрігердің блогы
Құрметті ақтөбеліктер және қаламыздың қонақтары!
Сіздерді ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК ресми интернет-ресурсының парақшасында қарсы алуға қуаныштымыз!
Біздің веб-сайттың көмегімен сізбен жақындасып, медициналық қызмет көрсету мәселелерінде өзара түсіністік тауып, кері байланыс орнатамыз деп үміттенеміз.
Сіздің өтініштеріңіздің ешқайсысы назардан тыс қалмайды, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз ескеріліп, медициналық көмекті ұйымдастыруды жақсартуға көмектеседі. Біз бірігіп медициналық көмек көрсету деңгейін көтеріп, халқымыздың денсаулығын жақсарта аламыз. Біз бірігіп медициналық көмек көрсету деңгейін көтеріп, халқымыздың денсаулығын жақсарта аламыз.
Сайттан сізді қызықтыратын кез келген ақпаратты таба аласыз, денсаулық сақтау саласына қатысты сұрақтар қоя аласыз, денсаулық туралы соңғы жаңалықтарды және алдағы оқиғалар туралы хабарландыруларды біле аласыз.
Барлығына денсаулық тілеймін!
Құрметпен, орталық директоры Жанильсинов С.Ш
Автобиография
Мен, Жанильсинов Серик Шаяхметович 1967 жылы 19 ақпанда Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында дүниеге келдім.
1974 жылы Қандыағаш қаласындағы №1 орта мектеп табалдырығын аттап, 1984 жылы бітірдім. Сол жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетіне оқуға түстім.
1986-1988 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет еттім.
Одан кейін институтта оқуын жалғастырып, 1992 жылы бітірдім.
1992-1993 жылдары Ақтөбе темір жол ауруханасының хирургия бөлімі базасында интернатураны аяқтадым Хирургия мамандығы бойынша 1993-1995 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында клиникалық ординатураны бітірдім.
Клиникалық ординатураны бітіргеннен кейін 1995-2012 жылдар аралығында Ақтөбе теміржол ауруханасында хирург-дәрігер, хирургия бөлімін басқарды.
С 2012 по 2014 году работал в Областном Управлении здравоохрарения в качестве главного специалиста начальника отдела до зам.управления.
Одан кейін «Үміт» балалар үйінің бас дәрігері, Ақтөбе теміржол ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.
2021 жылы №6 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары қызметін атқардым.
2022 жылдың қараша айынан бастап ШЖҚ «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКК директоры қызметін атқарып келемін.
Облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен, «Халық алғысымен» медалімен марапатталған.
Үйленгенмін, 5 балам бар.